Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен ұсыныстарын жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Осындай кездесулер сенімді нығайтуға, сындарлы диалогты дамытуға және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.