
Жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңінің күшін жоюына және Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан бұрынғы мемлекеттік қызметшілер енді жыл сайын 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті емес.
Декларация тек азаматтың мемлекеттік қызметте нақты жұмыс істеген күнтізбелік жылы үшін ғана ұсынылады.
Есептілікті тапсыру мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей.
Алдағы уақытта 270.00-нысан бойынша декларация тапсыру міндеті тек мынадай жағдайларда туындайды:
– шетелде орналасқан жылжымайтын мүліктің, көлік құралдарының немесе компаниялардағы үлестердің болуы;
– шетелдік банктердегі шоттарда 1 000 АЕК-тен асатын қаражаттың болуы;
– құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі сатып алулардың жасалуы;
– дербес салық салынуға жататын табыстардың алынуы.
Егер мұндай активтер немесе табыстар болмаса, декларация тапсыру талап етілмейді.