Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті рудныйлықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – Тәуелсіздігіміздің тұғырын айқындап, ел бірлігі мен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін ерекше күн. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – егемен Қазақстанның мәртебесін айшықтайтын, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қастерлі құндылықтар.
Бүгінде мемлекеттік рәміздеріміз әрбір қазақстандыққа күш-жігер беріп, жаңа жетістіктерге жетелейді. Олар бізге ел тағдырына деген жауапкершілікті сезіндіріп, бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен татулықтың маңызын еске салады. Әсіресе, қазақстандықтардың жеңістері мен табыстарының арқасында Көк Туымыз халықаралық жарыстарда, ғылыми жиындарда және мәдени алаңдарда биіктен көрінген сәттерде баршамыздың жүрегімізді мақтаныш сезімі кернейді.
Рудный қаласының тұрғындары да қаламыздың және мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Еңбек, білім, спорт, мәдениет және қоғамдық өмір салаларындағы жетістіктеріңіз – азаматтық жауапкершіліктің, бірліктің және отансүйгіштіктің айғағы.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы, бақ-береке мен толағай табыс тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік пен ынтымақ салтанат құрсын! Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері әрдайым ел мақтанышының, рух пен жігердің қайнар көзі болып қала берсін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметпен,
Рудный қаласының әкімі
Виктор Ионенко