Рудныйлық мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиададағы жетістіктері!

Рудныйлық мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиададағы жетістіктері!

Қостанай облысында әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Рудный қаласының өкілдері жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Еркін жүзу сайысында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Эльдар Маратович Мұханов 1-ші орынды иеленді.
Қазақ күресінен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ветеринария бөлімінің шекаралық бақылау бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы Медеу Азнабаев 1-ші орынды қанжығасына байлады.
Арқамен жүзу сайысында Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Берікбаев бірінші орынды жеңіп алды.

Стритбол жарысында Эльдар Мұханов, Марс Шунгурбаев, Сәби Дуанов, Сержан Асанов және Айсан Мұхаметжанов құрамындағы команда екінші орынға ие болды.

Бұл жетістіктер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, спортқа деген жауапкершілігі мен салауатты өмір салтын ұстануының жарқын көрінісі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізді тілейміз!