Ашық есік күні

Ашық есік күні

Рудный қаласы әкімдігінде қала мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік органдардың қызметімен, әкімдік жұмысының негізгі бағыттарымен және мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Мемлекеттік мекемелердің басшылары өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жауапкершілік, тәртіп және қоғамға қызмет етудің маңыздылығы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, кәсіби даму перспективалары және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңызы жөнінде ақпарат берілді.

Осындай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және болашақ мамандардың кәсіби бағдарын дамытуға ықпал етеді.