НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!!

«Мерейлі отбасы»ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

 

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасымен некенің адамгершілік құндылықтарымен оң имиджін жандандыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

3. Конкурсқа мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар,сондай-ақ қоғамдық пайдалы, волонтерлік қызметке қатысатын отбасылар қатыса алады.

4. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең–қала, екінші кезең – облыстық.

5. Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқадағы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 2026 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін (Рудный қаласы, Ленина көшесі, 95 үй, 225- каб немесе электрондық мекенжайға politika-rudny@yandex.kz),  4 54 33 телефоны.

Қосымшасы

Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

  • асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен  үзінді көшірменің көшірмесі;
  • неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
  • ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
  • балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіден кем емес);
  • отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) ;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

 

Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:

1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің санымен маңыздылығы (Отбасы тарихы - визит карточкасы - презентация);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани - адамгершілік құндылықтары;

4) балалармен немерелердің жетістіктері (Барболса);

5) ата-аналардың жетістіктері үлгіретінде;

6)  отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;

10) жетім балаларға қамқоршылық,тәлімгерлік ету.

-Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

 

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

  1. Отбасы құрамы:

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
  2. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
  3. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ___________________________________________________
  4. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғысхаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________
  5. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) _________________________________________________
  6. Отбасылық фото суреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
  7. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
  8. Өзге де құжаттар ___________________________________________

Қолы __________

Күні __________