
Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко қала прокуроры Аскар Бурбаевпен бірлесіп екі өндірістік нысанның құрылыс барысын бақылап, жобалардың іске асу кезеңдерін талқылады.
Нысандардың бірі - «Арман Кемикалз» ЖШС. Мұнда құрылыс қоспалары мен химиялық өнімдер өндірісі жолға қойылып, сыртқы нарыққа шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар «Kaz Golden Wheat Wave» ЖШС астық пен майлы дақылдарды өңдеуге бағытталған инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды.
Бұл бастамалар өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған міндеттерді орындауға ықпал етеді.