Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін қалада кезекті көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін қалада кезекті көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін қалада кезекті көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Игі іске мемлекеттік мекемелердің басшылары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында 40-қа жуық қарағай көшеті отырғызылды. Мұндай бастамалар қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, туған жердің тазалығы мен келбетіне деген жанашырлықты арттыра түседі.
Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет. Бірлесе еңбек етіп, қаламызды одан әрі жасыл, көрікті әрі жайлы мекенге айналдырайық!