
2026 жылғы 17 наурызда азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру және мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтау мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағанов жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар қызметтік әдеп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, сондай-ақ өтініштерді қарау тәртібіне қатысты өзекті сұрақтарын қойды.
Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, қосымша қарауды қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.
Мұндай кездесулер азаматтармен ашық диалог орнатуға, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.