
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «БКМ пайдалануға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығымен бекітілген бақылау-кассалық машиналарға (бұдан әрі БКМ) қойылатын техникалық талаптарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, БКМ-дерден фискалдық деректер операторының серверіне деректерді берудің 2.0.3 хаттамасы (бұдан әрі 2.0.3 хаттамасы) әзірленді. Бұл хаттама Ұлттық өнім каталогына және БУМ геолокациясына автоматты түрде қосылуды қамтамасыз етеді.
2.0.3 хаттамасына көшудің соңғы мерзімі 2025 жылдың 17 қарашасына белгіленді.
‼️2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2.0.2 хаттамасын толығымен өшіру жоспарлануда. Сондықтан, БКМ пайдаланатын салық төлеушілер өздерінің БКМ-дерінің 2.0.3 хаттамасына көшірілгеніне көз жеткізуі керек.