Рудный қаласының командасы — шаңғы спортынан облыстық фестивальдің жеңімпазы атанды.

Рудный қаласының командасы — шаңғы спортынан облыстық фестивальдің жеңімпазы атанды.

27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қостанай қаласында Қостанай облысының 19 өңірінен келген командалардың қатысуымен шаңғы спортынан облыстық фестиваль өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Рудный қаласының командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.

Эстафеталық жарыстарда Рудный қаласының әйелдер командасы 1 орынға ие болды. Жеңімпаздар: Анна Церковникова, Римма Коваль, Анна Метла және Анастасия Пухкало.
Рудный қаласының ерлер эстафеталық командасы 2 орынды жеңіп алды. Команда құрамында: Дмитрий Шмидт, Станислав Пятаков, Иван Василевский және Руслан Дуненбаев.

Жеке жарыстар нәтижесі бойынша:
 1 орындар — Иван Василевский, Римма Коваль;
 2 орын — Анастасия Пухкало;
 3 орындар — Дмитрий Шмидт, Анна Метла, Руслан Дуненбаев.

Спортшыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!