Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту және ашықтық қағидаттарын ілгерілету мақсатында 2026 жылғы 24 ақпанда Әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағанов жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіп, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасы мен мерзімдеріне қатысты сауалдарын жолдады. Сонымен қатар құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мәселелері көтерілді.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша қарауды талап ететін өтініштер бақылауға алынды.
Мұндай қабылдаулар мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін арттырып, қоғаммен кері байланысты нығайтуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосады.