Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық жобалар мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес

Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық жобалар мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес

24 ақпанда мемлекеттік органдардың, мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, инвесторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

✅ Рудный қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы.
Қаланың тұрақты дамуы, жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуы және тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін бағыттар — инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту, бизнесті қолдау және абаттандыру бойынша оң нәтижелер атап өтілді.

✅ «Turan qanty» қызылша-қант кластерінің инвестициялық жобасын іске асыру туралы.
Жоба белсенді кезеңде: қатысушылар қауымдастығы құрылды, оператор анықталды, жер учаскелері рәсімделді, агросынақтар жүргізілді, жобалау-іздестіру және келісу жұмыстары жалғасуда.

✅ Астықты қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы.
Жергілікті шикізатты қайта өңдеуге, өндірістік қуаттарды кеңейтуге және шамамен 650 жұмыс орнын құруға бағытталған «Qostanai Grain Industry» және «Kaz Golden Wheat Wave» ЖШС жобалары қаралды.

✅ Рудный қаласының 11-шағынауданында аттракциондар паркін салу жобасы туралы.
Парк тұрғындардың отбасылық демалысы мен бос уақытын өткізуіне арналған жаңа кеңістікке айналады. Ашылуы 2026 жылдың жазына жоспарланған, аттракциондарды дайындау және жеткізу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

✅ Рудный қаласында индустриялық аймақ құру туралы.
Қаланың әзірленіп жатқан бас жоспары аясында индустриялық аймақ қалыптастыру мәселесі қаралды. Даму бюджетінің шектеулі жағдайында инвесторларды тарту мен инвестициялық жобаларды іске асырудың маңызы артып отыр. Рудныйдың инфрақұрылымдық әлеуеті жаңа өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді, бұл Мемлекет басшысының ресурстарды ұтымды пайдалану және елдің экономикалық әлеуетін нығайту жөніндегі ұстанымына сай келеді.