Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу

Әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағанов мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, қызметтік этика талаптары, мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу мәселелері туралы сөз қозғалды.. Арнайы көңіл аударылған бағыттар — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және қызметтік міндеттерді орындауда жеке жауапкершілікті арттыру.
Бұл іс-шара қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық, ашықтық және айқындығы қағидаларын нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.