БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 2020 жылдың басынан бері 1 трлн теңгеден асты

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12,5 трлн теңгеден асты.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің есепті күндегі құрылымы БЖЗҚ ресми сайтының «Көрсеткіштер» – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/a83/a83c7d2982754a42e05fbe6871e4292d.pdf

2020 жылдың 1 қазанына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес 2020 жылға мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) төмендегідей қаржы құралдарына инвестициялар жасады:

  • ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 481,14 млрд теңгені (барлық портфельдің 43,77%) құрайтын, ал теңгеге номиналданған қағаздардың орташа алынған кірістілігі жылына 8,7%, АҚШ долларында жылына 4,4%- құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары;
  • ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 707,9 млрд теңге (13,63%), теңгеге номинацияланған осы құралдар бойынша орташа алынған кірістілік жылына 10,6%, АҚШ долларында жылына 4,80% құрады;
  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 1 152,07 млрд теңге (9,2%). Жылдың басымен салыстырғанда ЕДБ облигацияларының үлесі 2,64% азайды. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,0%, АҚШ долларында жылына 6,3% құрады;
  • 659,56 млрд теңге (портфельдің 5,27%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқаруға берілген активтер. Өсімі 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 211% ұлғайған, ол есепті кезең ішінде мандат шарттарына сәйкес жүргізілген инвестицияларға негізделген. Бұл активтер бойынша жиынтық табыс 84,5 млрд теңгені құрады.

Активтер сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық банктердің депозиттеріне (тиісінше, бүкіл портфельдің 4,91% және 1,98%), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне (2,36% құрайды), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (үлесі – 2,46%) және нарық талаптарына сай басқа да қаржы құралдарына әртараптандырылған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі мынадай:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,51%, АҚШ долларында – 30,29 %, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,19% - ы.

Есептелген инвестициялық кірістің құрылымы төмендегідей сипатқа ие:

- бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша 612,28 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар) 51,76 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар) 364,78 млрд теңге;

- басқа активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер (БҚҚ) (5,49) млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығындар) 84,50 млрд теңге;

- өзге кірістер – 3,98 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,1 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,71%-ы, инфляция 4,90%-ды құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,81% - ға тең болды.

Бұл ретте 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,00% болған кезде 11,38%-ды құрады. Осылайша соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,38% көрсеткішке ие болды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты.