
2026 жылғы 10 ақпанда мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңесті Әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағанов жүргізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға, бәс тігуге және тотализаторларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Қатысушыларға Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары жеткізілді. Мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.