
Қабылдау барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы сұрақтар қойды.
Әрбір өтінішке ҚР заңнамасы аясында толық түсініктемелер берілді, ал қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Тұрақты түрде өткізілетін жеке қабылдаулар қызметтік этика мен адалдық қағидаларын нығайтуға, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.