
2026 жылғы 7 ақпанда Рудный қаласы әкімдігінің «№11 орта мектебі» КММ оқушылары Қостанай қаласындағы физика-математика лицейінің базасында өткен профессор Т. Е. Дәулетбаев атындағы XIII өңірлік ғылыми-практикалық педагогтер конкурсының жүлдегерлері атанды.
Байқау қорытындысы бойынша:
• 🥈 II орын — Валебная Екатерина;
• 🥈 II орын — Жмуривая Арина;
• 🥉 III орын — Шик Арина және Сайделова Анастасия.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың атап өткеніндей, педагогтер мен оқушылардың жетістіктері — жүйелі жұмыстың, жоғары кәсіби біліктіліктің және ғылымға деген шынайы қызығушылықтың нәтижесі. Осындай конкурстарды өткізу облыс әкімі жүктеген тапсырмаларға сәйкес келеді және білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеушілік қызметін қолдауға бағытталған.
Жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар тілейміз.