«Вагон жасау зауыты» ЖШС қызметкерлерінің жалақыларының қарыздарын өтеу бойынша

«Вагон жасау зауыты» ЖШС  қызметкерлерінің жалақыларының   қарыздарын  өтеу бойынша

«Вагон жасау зауыты» ЖШС  қызметкерлерінің жалақыларының   қарыздарын  өтеу бойынша

Рудный қ. әкімі Қ. Х. Испергенов  бүгін  әлеуметтік серіктестік  және  жалақы  бойынша   қарыздарды  өтеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысын кезектен тыс өткізді.

Кеңесте «Вагон жасау зауыты» ЖШС  жағдайы қарастырылды.  Кәсіпорын  қарамағындағы 21 қызметкерге                   16,6 млн теңге қарыз. Қала басшысы  осы дағдарысқа тап болғандардың барлығын да сұқбаттауға  шақырылып,  өзара ымыраға келіп әрекет етудің жолын  табуға тырысты.

Барлық  тараптардың сөйлеуіне  мүмкіндік берді. Дегенменде, өткен сот отырыстарындағыдай бұл сұхбат барысында да әрқайсысының айтар  өз дәлелі, уәжі болып шықты. Ал уақыт болса өтіп барады. Адамдар  2019 жылдың қыркүйегінен бастап тапқан ақшаларын ала алмаған.

 Соңғы соттың  шешімі  бойынша,   құны  18 миллион теңгені құрайтын вагон  сатылуы керек. Ал оның қаржысы жұмыскерлердің  жалақысын  төлеуге жұмсалады.  Шешім                        16 қарашадан бастап күшіне енеді. Бірақ «Вагон  жасау  зауыты» ЖШС басшысы соттың шешіммен  мүліктің  мұндай бағаға бағалануына  келіспей отыр. Сол себепті  сот шешіміне апелляциялық шағым түсірмекші, ал  бұл тағы да уақытты алады.

 Тығырықтан шығудың екі нұсқасы бар: вагон  сот орындаушысы  арқылы сатылады. Уақыты  шамамен желтоқсанның соңы немесе 2021 жылғы қаңтардың ортасы.

 

Бұдан тысқары, «ССКӨБ» АҚ  өз вагондарын жөндеуге «Вагон жасау зауыты» ЖШС-не тапсырыс беруі мүмкін.  ЖШС басшысы бұған қатты үміттенеді.

Бірақ,  2021 жылға арналған біріктірудің инвестициялық бағдарламасы жаңа ғана қарастырылып жатыр. Оны жүзеге асыру келесі жылы басталады және кәсіпорынның жоспарларына байланысты болады.

Вагон жасау зауыты қызметкерлерінің жалақыларына қатысты  қарыздарды өтеу  мәселесі  Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың тарапынан бақылауға алынған.