Рудныйда сауда нүктелерін ашу мәселесі бойынша

Рудныйда сауда нүктелерін ашу мәселесі бойынша

Рудныйда сауда нүктелерін ашу мәселесі бойынша

Қала әкімі Қ. Х. Испергенов кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барған  кезде кәсіпкерлер тарапынан қойылған:    Рудный қ. сауда нүктелерін  ашу мәселесі бойынша бүгін  кеңес  өткізді. Кеңеске   нан, тоқаш, сүт өнімдерін өндіруші кәсіпкерлерді, «Аманат»  сауда үйінің басшысын  шақырды.

Олардың алаңдаушылыға түсінікті. Өндірілген өнімнің  сатылымын арттыру қажет. Дүкендер тауарларды көп көлемде  алмайды. Ал өнім шағын партия көлемінде  ғана сатылуда. Сондықтанда, қаланың әртүрлі аудандарындағы сауда нүктелеріне  фирмалық павильондарды орналастыру арқылы жеке бөлшек сауда желісін дамыту мәселесі  маңызды әрі тиімді болып отыр.

 Кәсіпкерлер жер қатынастары бөлімі мен  сәулет және құрылыс бөліміне хабарласа бастайды. Бірақ, қаланың бас жоспарына сәйкес, бұл сауда нүктесі  қажет емес деген  жауапты баршасы алады.

Оларға құрылыс үшін жер учаскелерін сатып алуға арналған аукционға қатысу ұсынылғанымен, ұсынылған орындар кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды. Жер учаскелері  не қаланың шетінде, не адам жүрмейтін жерде орналасқан. Сол себепті кәсіпкерлер жерді   жеке меншік иелерінен жалға алуға мәжбүр. Ал жалға алу көп шығын шығаруды қажет етеді, әрі тиімсіз.

Нұр-Сұлтан қаласының шағын аудандарда фирмалық павильондар ашу қиын мәселе  емес. Рудный кәсіпкерлері еш қиындықсыз сауда  нүктелерін ашып, алаңсыз жұмыс істеуде. Кәсібін дамыту үшін мұндай әрекетті олар туған қаласында жүзеге асыра алмайды. Жұмысқа деген қалыптасып қалған біржақты көзқарасты өзгерту қажет.

«Қолданыстағы заңнаманың аясында бізге Нұр-Сұлтан қ. тәжірибесін зерттеп, оңды істерді пайдамызға жаратуымыз керек. Біз шағын  аудандардағы бос жерлерді анықтап, барлық мүмкіндіктерді  қарастырамыз. Кәсіпкерлермен сұхбаттасуға дайынбыз және осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Алғашқы  қадам жасалды» деді Қ. Х. Испергенов.