"Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы Рудный қалалық мемлекеттік архивінің жұмысы туралы ақпарат

"Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы  Рудный қалалық мемлекеттік архивінің жұмысы туралы ақпарат

         Рудный қалалық мемлекеттік архиві қызметінің бағыттарының бірі "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету болып табылады. 2025 жылы аталған қызмет алушыларға 1799 қызмет көрсетілді, оның 463-і заңды тұлғалардың және 1665 жеке тұлғаның өтініштері бойынша. 1279 өтініш бойынша оң нәтижелер (71%), 60 теріс (3%), 106 өтініш берушіге сақтауда құжаттардың жоқтығы туралы жауап берілді (6%) және 354 өтініш тиесілігі бойынша жіберілді (20%). Осы кезеңде 2024 жылы 39 қызмет аз көрсетілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ. Келіп түскен сұраулардың ең көп саны әлеуметтік-құқықтық сипатта болады - еңбек өтілі мен оқуын, жалақы мөлшерін, зейнетақы жарналарын есептеуді растау, сот шешімдері мен нотариаттық іс-әрекеттердің көшірмелерін беру.

         "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде есепті кезеңде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша Рудный мемлекеттік архиві филиалының архившілері Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Рудный қаласы бөлімінің қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Электрондық үкімет" порталында архивтік құжаттардың көшірмелерін алуға сұраныстарды дұрыс ресімдеу туралы және қала адвокаттарымен 3 оқыту семинарын өткізді. "Электрондық үкімет" порталы арқылы "Архивтік анықтамаларын, архив құжаттарының көшірмелерін немесе архив үзінділерін беру" мемлекеттік қызметін өз бетінше алу мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы қала тұрғындарына ауызша түсіндіру және мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша акция өткізді.

         Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтендіру және олардың әлеуметтік объектілер мен қызметтерге барлық қолжетімділігімен тең болуы үшін Рудный қалалық мемлекеттік архивінің ғимаратына кіре берісте шақыру түймесі бар, сондай-ақ архивте "Электрондық үкімет" порталы арқылы азаматтар архивтік анықтамаларға өз бетінше тапсырыс бере алатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, қажет болған жағдайда архившілер консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.