Этика жөніндегі уәкілетті мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жәрмеңкеге қатысты.

Этика жөніндегі уәкілетті мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жәрмеңкеге қатысты.

Іс-шара барысында тұрғын үй жайлы, мемлекеттік қызметтерді алу, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар алды.

Сонымен қатар, этика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызметшілердің міндеттері туралы түсіндіріп, әрбір азаматқа құрметпен және әдеп нормаларын сақтай отырып қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

Аталған іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.