Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мамандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мамандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және этикалық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында этика жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қызметтік әдептің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшінің қызметтік және қоғамдық ортадағы мінез-құлық нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар лудоманияға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметшінің қоғамда өзін қалай ұстауы керектігі, іскерлік беделін сақтау және азаматтардың сеніміне ие болу, адалдық, ашықтық пен өзара құрмет қағидаттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және кәсіби әдептің жоғары стандарттарын сақтауға ықпал етеді.