2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды.

ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады.

🗓 Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

📊 Консультация кестесі: 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары — сәрсенбі күндері.

⏰ Қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.

📍Қабылдау орны: Рудный қ., Парковая көшесі, 14, 106 кеңсе.

👥 Кімдерге арналған:
Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне

💬 Қандай көмек көрсетіледі:
Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
* бухгалтерлік есеп;
* салықтық есептілік;
* ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.

📍 Жұмыс форматы:
Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.

Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді.

👨‍💼 Кеңес берушілер:
* кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
* бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
* заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.

📞 Қосымша мүмкіндіктер:
* бейнекеңестер мен телефон арқылы байланыс;
* ресми ресурстар арқылы онлайн кеңес беру;
* вебинарлар (онлайн және офлайн);
* есептілік кезеңдерінде тақырыптық кеңес беру сессиялары.

📘 Сонымен қатар, заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер дайындалады, Call-орталыққа арналған материалдар жаңартылып, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады.
➡️ «Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.
Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.