
Рудный қаласында мәжіліс депутаты Анас Ахатович ERG Корпоративтік университетіне барды. Ол университеттің заманауи жабдықталған сыныптарымен, оқыту процесін жақсартуға арналған инфрақұрылыммен танысты.
Университетте түрлі бағыттар бойынша оқытулар мен курстар өткізіліп, жыл сайын шамамен 15 000 адам екі тілде кәсіби шеберлігін және қауіпсіздік саласындағы білімін жетілдіреді.