
Рудный қаласы әкімінің аппаратының ішкі бақылау қызметі 2025 жыл қорытындысы бойынша Рудный қаласы әкімдігіне қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізді.
Іс-шара барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нәтижелер қаралып, оларды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ қызмет алушыларды ақпараттандыруды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, ішкі бақылау қызметінің мамандары мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау және ықтимал қауіптердің алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қызмет алушыларды ақпараттандыру деңгейін бағалау нәтижелері бойынша Рудный қаласы әкімінің аппаратының ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі тарапынан Рудный қаласы, сондай-ақ Қашар және Горняцкий кенттеріндегі мемлекеттік мекемелер арасында 2025 жылдың үздік қызмет көрсетушілері анықталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша этика жөніндегі уәкілетті Сақтағанов Т.С. «2025 жылдың үздік қызмет көрсетушісі» номинациясы бойынша «Рудный қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және «Рудный қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне алғыс хаттар табыстады.
Аталған іс-шаралар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.