Рудный қаласы прокуратурасының үйлестіруі бойынша 2025 жылғы 01 Желтоқсанда тақырыптық жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуға және сақтауға лицензиясыз жалпы сомасы 159 200 теңгеге 66 бөтелке алкоголь өнімін сақтау фактісі анықталды. Бұл өнім алынып, материалдар Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді. Бұзушыға қатысты Рудный қаласының соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттарын тәркілей отырып, 68 810 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Мемлекеттік кірістер басқармасы акцизделетін өнімнің тиісті лицензиясыз айналымына тыйым салынатынын және әкімшілік айыппұл салумен және алкоголь өнімін тәркілеумен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.