Құрметті сайлаушы!

Құрметті сайлаушы!

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар тізімдерін жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.

Егер Сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, Сіз (сайлауға 30 күн қалғанда 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) өзіңіз уақытша жүрген жердегі әкімдікке сайлау күні Сіз дауыс беретін сайлау учаскесін сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Сайлаушылардың тізіміне қосылуға және алып тастауға байланысты барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылауды Сіз Call орталықтың 8 (71431) 4-12-77, 4-78-87, 4-41-25. телефондары арқылы ала аласыз.