Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар
  1. Қазақстан Республикасының Азаматтығы;
    2. Жұбайының/және/немесе жұбайының жасына қарамастан (болған жағдайда) Қостанай облысының барлық қала және аудандарында түрлі салада еңбек етіп жүрген 34 жасқа дейінгі жас мамандар. Бағдарламаға қатысуға ерлі зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат беріледі;
    3. Бағдарламаға қатысушы жұмыс орны бойынша тұрғын үй сатып алады;
    4. Қатысуға үміткерлер үшін соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы, сондай-ақ Қостанай облысы аумағын¬да тіркелген тұрақты мекенжайы болуы міндетті шарт болып табылады.
    5. Қостанай облысының аумағында жеке кәсіпкер болып тіркелген үміткерлер үшін кемінде 1 жыл үздіксіз қызмет өтілінің болуы қажет;
    6. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үй болмауы тиіс. Мұнда тек бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелері жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлес есептелмейді.
    7. Ресми некеде бірге тұратын өтініш беруші мен оның жұбайының, немесе өтініш беруші мен бірге тұратын ата-анасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ай сайын 150 АЕК-тен (648 750 теңге) аспауы керек. Бағдарламаға отбасы мүшелерінің біреуі ғана қатыса алады.
    8. Қатысушылар бірдей ұпай жинаса, ең жасы үлкен қатысушыға артықшылық беріледі,
    9. Үміткердің «Отбасы банк» АҚ-да қарыз берілген сәтке дейін шоттағы бастапқы жарна сомасының қалдығы бар жинақ шоты болуы тиіс.

Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік (барлық кәмелетке толған отбасы мүшелеріне);
2. Неке қию туралы куәлік (бар болса);
3. Балалардың, оның ішінде асырап алынған балалардың туу туралы куәлігі (асырап алу туралы құжаттар) (бар болса);
4. Жұмыс орнынан фирмалық бланкіде жұмысқа қабылдау күні және жұмыс өтілі жазылған анықтама;
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан соңғы 6 айдағы міндетті зейнетақы аудрымдары туралы анықтама;
6. Өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы туралы анықтама;
7. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ұсыну (үшінші тұлғалардың тұрғылықты жерінен мекенжай мәліметтерін алу сервисі);
8. 1 және 2 топтағы мүгедектікті растайтын құжаттар (бар болса).
9. Мерзімді қызметтегі әскери билет (бар болса).
10. Бала тәрбиелеп отырған жесірлер үшін, әрбір бала үшін, оның ішінде асырап алынған бала үшін жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы куәлік тапсыру.
11. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар.
Комиссия ұпайларды салыстыру және есептеу үшін қосымша құжаттарды сұрата алады.
Құжаттарды қабылдау және ұсыну Рудный қаласы, Космонавттар көшесі, 12 (ХҚКО ғимараты) мекенжайы бойынша Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9: 00-ден 18: 30-ға дейін түскі үзіліспен жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 8 (71431) 45-01-16.