Бақылау-касса машиналар орнатпаған салық төлеушілердің назарына!

Бақылау-касса машиналар орнатпаған салық төлеушілердің назарына!

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Осы баптың 1-тармағының ережесi:

  • жеке тұлғалардың;
  • адвокаттар мен медиаторлардың;
  • уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
  • қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің;
  • екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Сонымен қатар, патент негізінде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердін 2020 жылғы 01 қантардан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындығын атап өтен жөн.

Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы