Қала әкімі бүгін «ССКӨБ» АҚ болды

Қала әкімі бүгін «ССКӨБ» АҚ болды

Қала әкімі Қ. Х. Испергенов бүгін ERG тобына кіретін қала құрушы кәсіпорын - «ССКӨБ» АҚ болды. Мұнда қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да кәсіпорынды араламас бұрын баршаға техника қауіпсіздігі нұсқаулығы өтілді. Осыдан кейін ғана Рудный қ. басшысын кеншілер тау-кен жұмыстарының технологиясымен және негізгі өнім - флюстелген түйіршіктер мен концентрат өндірісінің қыр-сырымен таныстырды.

Көп жылдардан бері Ресейдің Магнитогорск металлургия зауыты, Қытай кәсіпорындары және қазақстандық «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорынның негізгі тұтынушылары болып табылады.

Пандемия кезінде ССКӨБ АҚ өндіріс көлемі төмендеуі байқалғанымен, қазір жағдай тұрақталуда. Келесі жылы кәсіпорын инвестициялық жобаларды іске асырып, карьерлерді дамыту арқылы өндірістің қуатын арттыруды жоспарлап отыр.

Соколов карьері 1955 жылдан бері өндіріліп келеді. Ол «ССКӨБ» АҚ Сарыбай тау-кен кешенінің құрамына кіреді. Карьердің жер асты қыртысының қойнауын ашу жұмысы - тасушы қоймаларда жинақталған тау-кен массасын қайта жүктеудегі біріктірілген тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Соколов кеніндегі темір құрамы 67-68% құрайды.

Бүгінгі таңда кәсіпорын басшылығының назары Қашар карьерін дамытуға бағытталған. Қуандық Хайдарұлы Қашар алаңында жүзеге асыруға енгізілген «Ақылды карьер» жобасымен танысты. Бұл жоба техниканың жұмысын онлайн режимінде жедел бақылауға және жоспар көлемін арттуру үшін шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қала әкімі сонымен қатар, түйіршік өндіру фабрикасында да болды. 9 айда 3,2 миллион тонна өнім өндірілген. Қыздырып, күйдіру учаскесінде өңделмеген түйіршіктердің дайын өнім ретіндегі қалыптасу үрдісін бақылады.

Содан соң «ССКӨБ» АҚ танысу - металл илемдеу зауытында жалғасты. Кәсіпорын болаттан өндірілген өнімдерді, атап айтқанда, болат шарлар мен шыбықтарды өндіріп шығарады. Бұл өнімдер кен - байыту фабрикасында кенді дымқыл түрінде ұнтақтауға және ұсақ кесінділерді өндіруге және құрылысқа қажетті арматураларды өндіруге қолданылады. Өнім бірлестіктің негізгі өндірісінде қолданылады, сонымен қатар ERG тобының кәсіпорындарына да сатылады.