Қала әкімінің жұмыс сапарлары жалғауда

Қала әкімінің жұмыс сапарлары жалғауда

Қала әкімінің жұмыс сапарлары жалғауда

                  Қала әкімі  Қ.   Х. Испергенов бүгін   «Лидер-2010» ЖШС-де болды. Мұнда  240 адам жұмыс істейді. Күніне 80 тонна сүт өнімдері  өңделеді. Зауыттың  сүт өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де кеңінен танымал.

          Өндірістің еуропалық жабдықтарды пайдалануы -  кәсіпорынға қазақстандық сүт нарығындағы бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік береді.

          Пандемия зауыттың жұмысына әсер еткен жоқ. Тек - йогурт өнімдеріне деген сұраныс азайды. Әлеуметтік маңызы бар өнім болып табылатын сүт өнімдері  сол көлемде шығарылады.

          Қала әкімі  зауыт басшылығының алдында қосымша  электр желісіне қосылу туралы мәселе көтерді. Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде болған дауылдан кейін зауыт үш күн бойы жарықсыз қалған еді. Сүт зауыты сияқты кәсіпорын үшін - бұл орасан зор шығын болып табылады.

           Қазір «Лидер-2010» ЖШС бірнеше қосымша  желілерге ие. Зауыт басшылығына балама қуат көзі ретінде жаңа қосалқы станцияға қосылуға ұсыныс түсірді.

          Инвестиция тарту мәселесіне келетін болсақ,  кәсіпорын  тек жабдықтарды сатып алып қана қоймай  сонымен қатар, еңбек жағдайын жақсартуға күш салуда.  Осы жылы зауыт  ескі цехтың  қабырғаларын қайта сылап, еденін ауыстырды.

          Қала   басшысы  сонымен қатар цемент зауытында да болды. Қазіргі уақытта жабдықтықтарды  жөндеу үшін  зауыттың  жұмысы жоспарға  сәйкес тоқтатылған. 

          Кәсіпорында 170 адам жұмыс істейді. Әзірге «Рудный цемент зауыты» ЖШС  құрылыс  нарығында өнімінің сапалығын  дәлелдеу үшін еңбек етуде.

          Кәсіпорын  басшылығы  өнімнің  сапалығы   мен бағасына басты мәселе ретінде ерекше көңіл бөліп отыр.

       Сұраныс  біртіндеп  артып келеді.  Қазірдің өзінде  өнімді   Қазақстандық  және  Ресейліктер сатып алуда. Сонымен қатар,  цементтің алғашқы партиясы  биыл Өзбекстанға да жөнелтілді.

          Кәсіпорынның зертханасын қарап шығып, бас мамандармен кеңестім. Кәсіпорынның әлеуеті зор болғанымен, шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Ең бастысы - цемент зауыты жоспарлаған жылына 500 мың тоннаға дейін өнімді  өндіруге қол жеткізу.