Әкім жұмыс бабымен «Рахат» ЖШС болды

Әкім жұмыс бабымен «Рахат» ЖШС болды

Қала әкімі Қ. Х. Испергенов кәсіпорынның қысқы жұмыстарға, атап айтқанда қыста көшелерді тазартуға дайындығын бағалау мақсатында бүгін «Рахат» ЖШС-не барды.

Өткен жылы бұл мәселе рудный тұрғындары үшін ең өзекті мәселе болатын. Қазірдің өзінде осы мәселе бойынша оған сұрақтар келіп түсуде.

Жаз айларында кәсіпорын уақытты жоғалтпай, қажетті техникаларды сатып алумен айналысты. Бүгінгі күні «Рахат» ЖШС-де 4 грейдер, (оның біреуі бірнеше күнде келеді), 3 құм себетін машина, қар тиеуге арналған 6 «КамАЗ» маркалы автокөлігі, 10 трактор, 5 тиегіш және «Амкодор» атты бір бүйірлік тиегіш техникасы бар. Кәсіпорынның жолдарды тазартуға қаншалықты дайын екендігін қыс мезгілі көрсетеді.

Рудный қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша бүгін қалалық бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық есік күні өтті.

Сонымен қатар қала әкімі Қ. Х. Испергенов мемлекет меншігіне өткен «Водоканал» ЖШС мен «Теплосети» ЖШС-де болып, цехтар мен техникалардың қандай жағдайда екенін бақылады.

Енді мемлекет бұл кәсіпорындарға инвестиция тарту саясатымен айналысатын болады. Ал бұл қадам - біздің қаланың қажеттіліктеріне сәйкес коммуналдық қызметтерді дамытуды білдіреді.

Коммуналдық қызметтердің барлық диспетчерлік қызметтерін біріктіретін және кез келген өзекті мәселелерді онлайн жүйесінен көріп, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін iKOMEK 109 жобасын іске асырылуына үлкен үміт артып отырмыз.

Әр кеш сайын жүйеден азаматтардан келіп түскен сұрақтар мен өтініштер қаралып, қала бойынша шешімі табылмаған күрделі мәселелердің қай жерде туындағаны белгілі болады. Бұл қаланы дамытудың сындарлы стратегиясын құруға және халықпен сенімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қала басшысы Тобыл көшесінің асфальтталуын тексеріп, жұмысты жауын-шашын басталғанға дейін тезірек аяқтауға тапсырма берді.