Өрт сөндіру қызметі туралы

Өрт сөндіру қызметі туралы

Қала әкімі Қ. Х. Испергенов  бүгін өртке қарсы  күрес бөлімінде болып, құтқарушылардың техникалық жабдықтармен жабдықталуын бағалады.

2020  жыл - пандемия, карантин, табиғи апаттар сынды  қоғамға төнген жаңа қауіптерді айқындап берді.  Өрт, су тасқыны, апаттар жалғасуда. Құтқарушылар мұндай апатты жағдайлармен  сағат сайын күресуге мәжбүр.

Құтқарушылар үнемі апатты жоюға дайын жағдайда.

ҚРПрезиденті Қ.Қ.Тоқаевтың шешімімен құтқару қызметтері қазір Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынады.  Бұл шешім - құтқару қызметі мамандарының мәртебесін арттырып, өзекті  мәселелерді жедел  шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз табиғи және техногендік апаттар дәуіріне аяқ бастық, сондықтан құтқарушылардың жұмысы алдыңғы қатарға шығады.

Айтпақшы, былтырғы жылмен салыстырғанда Рудныйда өрт шығу  саны 26%-ға азайды. Бұған карантин кезеңінде енгізілген шектеу шаралары ықпал етті. 9 айда 26 адам құтқарылса, оның 5-і балалар.

Сонымен қатар қала әкімі Қ. Х. Испергенов өрт сөндіру қызметкерлерін   кәсіби мерекелері  күнімен,   яғни 19 қазанда елімізде атап өтілетін Құтқарушы күнімен құттықтады.