Жаңа қосалқы станцияны қосу туралы
Бүгін қала әкімі Қ. Х. Испергенов жаңа қосалқы станция ауданында орналасқан кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Ол № 6 көлікжай қоғамының ауданында орналасқан. Оның құрылысына бюджеттен 156 миллион теңге бөлінген.
Осыдан 5 жыл бұрын объектілері осы ауданда орналасқан кәсіпкерлер электр қуатының ағытылатындығын айтып, шағым түсіретін. Бұл бизнес үшін қосымша мәселелер мен шығындар туғызушы еді. Енді жаңа қосалқы станцияға қосылып, сапалы қызмет алуға болады.
Қосалқы станцияға қосылу туралы шешім қабылдау үшін Арасан зауыты, «Мебель-Парк» сауда кешені, «Гранула» ЖШС мен кірпіш зауытының өкілдері шақырылды.
Әзірше қосалқы станция тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының балансында. Оны «ЭПК Атика» ЖШС сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардан жаңа қосалқы станцияға дейінгі желілерді салуға кететін шығындарды анықтау қажет.