«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша

Бүгін Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов  қала   және  аудан әкімдері  қатысқан   кеңесте   цифрландыру жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

2018 жылдан бастап Қазақстанда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, атап айтқанда «Ақылды қалалар» жобаларын жүзеге асыру  жұмысы  жүргізілуде.

Білім беру,  денсаулық сақтау, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік және басқа да салаларға қатысты  басым бағыттар нақтыланды.

Баға берудің нақты сәйкес нәтижелеріне сай - 100 негізгі  көрсеткіштер  мен 110 бастамалар айқындалды. Бұлардың барлығы да біздің өңірдің  тұрғындарының өмірін жақсартуға септігін тигізуі керек.

Сыртқы жарықтандыруды автоматтандырылған жүйемен басқару, коммуналдық жүйелерді автоматтандыру, көшелер мен аулаларға бейне бақылау орнату және т.б. жобалар жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі іске асырылып жатқан жобалардың нәтижесін зерделеу  керектігін баса айтып, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қала әкімі Қ. Х. Испергенов қала әкімінің  орынбасары Д. В. Петрухно және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Д. Қ. Сәбитовпен қаламыздағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Оларды іске  асырудың мерзімдері белгіленді.Атап айтқанда, Рудный қаласы әкімдігінің ІКОМЕК 109 біріңғай байланыс орталығын ұйымдастыру туралы.

ІКОМЕК109 -  рудныйлықтарды    толғандыратын  барлық мәселелер  бойынша  қала   тұрғындарымен байланыс орнатудың бірыңғай байланыс орталығына  айналады.

Бұл коммуналдық мәселелер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге қатысты мәселелер.

Барлық  өтінім – сұрақтар  бас тізілімге енгізіліп, белгіленген мерзімде шешіледі