Қайырымдылық онкүндігі шегінде «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» КММ тәрбиеленушілері мүмкіндігі шектеулі жандар арасында онлайн режимінде өтетін «Әлемді жүрекпен сезу» қалалық халық шығармашылық пен қолөнер фестиваліне белсенді қатысты.
Шығармашылық нөмірлері мен қолөнер бұйымдарының тақырыбы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Абайдың 175 жасқа толуына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған.