2025 жылдың қантар-қыркүйек айлары аралығында Рудный қалалық мемлекеттік архиві «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1419 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан 402 және жеке тұлғалардан 1017 өтініш қаралды. Түскен өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік-құқықтық сипатта болды. Еңбек өтілін, жалақысын, зейнетақы жарнасын есептеу, оқуын растау, сот шешімдері мен нотариаттық іс-әрекеттердің көшірмелерін беру. Өңделген өтініштердің жалпы санынан 1022 көрсетілетін қызметті алушыға оң жауап, 47 қызмет алушыға теріс жауап, 80 өтініш берушіге құжаттарының мемлекеттік сақтауда жоқтығы туралы жауаптар берілді. 270 өтініш басқа архивтерге немесе ұйымдарға жолданды. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметті көрсетуде кідіріс болған жоқ.
«Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру»мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Рудный қалалық мемлекеттік архиві» архившілері есепті кезеңде «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Рудный қалалық мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен 2 оқыту семинарын өткізді. Сондай-ақ олар «Электрондық үкімет» порталында архивтік құжаттардың көшірмелерін алудың дұрыс тәртібі туралы заңгерлермен семинар-тренинг өткізді, сонымен қатар «Архивтік анықтамаларды архивтік құжаттардың көшірмелерін беру немесе портал арқылы архивтік көшірмелерді тарату» мемлекеттік қызметін алудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша акциясын өткізді.
Архивте азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Архив анықтамаларына «Электрондық үкімет» порталы арқылы өзіңіз тапсырыс бере аласыз. Қажет болған жайғдайда архившілер кеңестер беріп, практикалық көмек көрсетеді. Мүгедектердің әлеуметтенуін және олардың әлеуметтік нысандар мен қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Рудный қалалық мемлекеттік архивінің ғимаратының кіре берісінде қоңырау шалу түймесі орнатылған.