Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Г. А. Ермешекова мен Рудный қалалық мәслихатының депутаты Л. А. Александренко қала колледждерінің студенттерімен «Менің мамандығым — мемлекеттік қызметші» атты кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикерлер мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, оның негізінде жатқан басты қағидаттар мен құндылықтар туралы айтып, қоғам игілігі үшін атқарып жүрген өз тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер табысты мансап құру үшін қажетті қасиеттер, мемлекеттік қызметтің ұсынатын мүмкіндіктері және азаматтар мен ел алдындағы жауапкершілікті сезіну қаншалықты маңызды екендігі жайлы білді.
Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, оның қоғам дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін терең түсінуге ықпал етеді.