
«Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында 2025 жылдың 19 қыркүйегінде Рудный қалалық мемлекеттік архивінде Ашық есік күні өтті. Архившілер өз қонақтарына — Рудный қаласының № 13, 17, 18 және 21 мектептерінің оқушыларына алға қойған мақсаттар туралы айтып берді. Архив қызметінің міндеттері және жеке құжаттардың қалай жиналып, мемлекеттік сақтауға қабылданатындығы, олар тұрақты, жеке құжаттардан тұратын және тақырыптық «Өткенге саяхат» көрмесін көрсетті. Архив құжаттарының сақталуын түсіндіріп, көрсетіп, архивке экскурсия жасалды. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстан мен туған жерінің тарихын зерттеуге тарту, сонымен қатар архив құжаттарын насихаттау және архив қызметінің имиджін арттыру болды. Іс-шараға барлығы 53 адам қатысты.