2025 жылы 12 қыркүйекте Қашар кентінде Рудный қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.С. Сақтағановтың мемлекеттік қызметшілермен және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесуге сондай-ақ Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі К.Ж. Сюндиков пен Қашар кентінің әкімі М.К. Райымбекова қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің нормаларын сақтау мәселелері болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Жолдаудың негізгі ережелері, оның ішінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі, өңірлерді дамыту және халықпен өзара іс-қимылды нығайту саласындағы басымдықтар түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтегі этика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сақтағанов Т.С. моральдық-этикалық нормаларды, адалдық, бейтараптық және азаматтарға құрметпен қарау қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде туындайтын типтік жағдайлар қаралып, оларды әдепті шешу жөнінде ұсыныстар берілді.
Сюндиков Қ.Ж. этикалық стандарттарды сақтау тиімді және құрметті мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Ол этика - формальдылық қана емес, қоғамның билік институттарына деген сенімін арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті.