Жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды: жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту, заңдылық пен қоғамдық мәдениетті нығайту, заңнаманы жаңарту арқылы бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту, сондай-ақ өңірлік дамуды теңестіру.
Рудный қаласында педагогтар мен оқушылардың IT-құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы жасанды интеллекттің рөліне ерекше көңіл бөлінді. Практикалық мысал ретінде ERG компаниясының тәжірибесі қаралды.
Бұл бастамалар тұрақты цифрлық экожүйе құруға, адами капиталды дамытуға және жаңа технологиялық дәуір жағдайында Қазақстанның позициясын нығайтуға бағытталған.