🔰Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек

🔰Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек

💠 Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 1 қазаны жеке тұлғалардың – жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің меншік иелерінің 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі екенін еске салады.

Сонымен бірге, 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберілетінін еске саламыз.

💠Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.