Кеңес барысында негізгі ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, барлық жоспарланған іс-шараларды үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сәкен Балғабайұлы мереке күндері қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Әкімнің орынбасары ұйымдастырушылық сәттерді пысықтауды, барлық мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етуді және белгіленген дайындық мерзімдерін қатаң сақтауды тапсырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау аясында, қызметтен тыс уақытта да белгіленген мінез-құлық ережелерін бұзу жол берілмейтіні атап өтілді. Әкімнің орынбасары әрбір мемлекеттік қызметші кез келген уақытта және жағдайда жоғары жеке жауапкершілік танытып, кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті.