Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын орындау аясында Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстар қаланың инфрақұрылымын жақсартуда маңызды қадам болып табылады

Рудный қаласындағы көпқабатты үйлердің жалпы саны 784, оның ішінде:
• шатырлы төбесі бар — 295 үй;
• тегіс төбесі бар — 493 үй.

Жылдар бойынша нәтижелер:
• 2023 жыл: 6 үй жөнделді.
• 2024 жыл: Ленин көшесінде 18 үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді; Ленин, Пионерлер және Строительная көшелерінде 3 үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жасалды.
• 2025 жыл: Ленин көшесінде (Марите көшесі мен Космонавтов даңғылы аралығында) орналасқан 11 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары 700 млн теңге көлемінде аяқталуда. Бүгінгі күні 11 үйдің 8-інде жұмыстар толық аяқталды.