Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру аясында Рудный қаласында қала тұрғындарының көп жиналатын демалыс орындарында үш жаңа субұрқақ орнату, аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Субұрқақтар мен саябақ аймақтары келесі мекенжайларда орналастырылады:
1. 11-шағын аудандағы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің арасында
• субұрқақ тостағанын құю және гидрооқшаулау жұмыстары орындалды;
• тостағанды гранитпен қаптау жұмыстары жүргізілуде;
• су құбыры мен су бұру құбырлары төселді;
• субұрқақты басқару қалқанынан АТП-ға дейін электр кабелі тартылды.
2. Гагарин және Ленин көшелерінің қиылысы
• жер қазу жұмыстары жүргізіліп, субұрқақ тостағаны құйылды;
• жиектас орнатылды;
• брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.
3. Комсомол даңғылы мен Жантеміров көшесінің қиылысы
• жер қазу жұмыстары жүргізіліп, тостаған бетонмен құйылды;
• жиектас орнатуға дайындық жұмыстары атқарылуда.