Рудный қаласының әкімдігі мен "Теплоизоляция Караганда" ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Рудный қаласының әкімдігі мен "Теплоизоляция Караганда"  ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

5 тамыз Рудный қаласы әкімдігінің бастамасымен Изопрофлекс иілгіш металлсыз құбырларының өндірушілері Корчагин көшесі, 88 мекенжайында жылу желісінің учаскесінде шеф-монтаж жұмыстарын өткізді.

Аталған технологияның басты артықшылығы — коррозияға төзімділігі, құрылыс-монтаж жұмыстарының жеңіл әрі жылдам жүргізілуі, сонымен қатар қозғалмайтын тіректер мен компенсаторларды орнату қажеттілігінің болмауы. Бұның барлығы жобаның құнын төмендетіп, іске асыру мерзімін қысқартады. Сонымен қатар, бұл құбырларды орнату кезінде бетондау қажет емес, бұл да қосымша үнемділік береді.

Өндіруші өнімге 50 жыл кепілдік береді, бұл құбырлардың сенімділігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығын дәлелдейді.

Шеф-монтаж нәтижесі бойынша Рудный қаласы әкімдігі мен Қазақстандағы Изопрофлекс құбырларының ресми өкілі — «Теплоизоляция Караганда» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат Рудный қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне инновациялық, энергия тиімді технологияларды енгізу мақсатында екі тараптың өзара серіктестігін көздейді.