БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр

БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр

БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келсе де, сауалдар азаяр емес. Жарналардың қандай түрлері бар?  Жұмыс беруші оларды қалай, ең бастысы, қаншалықты аударып жатыр? Зейнетақы қалай тағайындалады? Тізе берсек шегі жоқ. Ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл сұрақтардың жауабын БЖЗҚ кеңсесіне барып, кәсіби мамандармен тікелей жүздесе отырып ала алады. Ал шалғай ауыл-аймақтардағы отандастырымыздың сұранысын қалай қанағаттандыруға болады?  Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылжымалы “Мобильді кеңсені” іске қосты.

“Мобильді кеңсе” деген не?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Мобильді кеңсе” жобасын 2018 жылы қолға алды. Бұл – көлікке орналастырылған шағын кеңсе.БЖЗҚ мамандары ноутбук, жоғары жылдамдықтыинтернет, принтер, Қор базасы сияқты түрлі қажет құрылғымен жабдықталған шағын автобуспен елдімекендерді аралап, тұрғындарға арнайы қызмет көрсетеді.

Қандай қызметтер ұсынылады?

“Мобильді кеңсенің” облыс, аудан орталықтарында орын тепкенБЖЗҚ-ның кәдімгі бөлімшелерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Дәл сол кеңселерде көрсетілетін қызметтердің барлығын ұсынады:

 

- Зейнетақы, инвестиция портфеліне қатысты кеңестер береді;

- Жеке кабинет арқылы электрондыққызметалуғакөмектеседі;

- Жеке деректердіөңдепнемесеөзгерту мүмкіндігі бар;

- Қажетқұжаттарды, анықтамаларды шығарып алу жәнебасқа да қызмет түрлері көрсетіледі. 

“Мобильді кеңсе" қызметіалыс аудандар мен Қорбөлімшесіжоқаймақ тұрғындары, әсіресе, қалағабаруғауақыттаппайжүрген немесе мүмкіндігі шектеуліадамдар, интернеті жоқ немесе оны қолданудақиындық көретін адамдарүшін өте ыңғайлы. 

Қайауыл-аймаққабарады?

“Мобильдікеңсенің"әрсапарыалдын ала жоспарланады. Қайкүні, қайауылғабаратыныжергіліктіәкімдікпенкелісіліп, тұрғындарғаалдын ала хабарланады. Кеңсетаңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейінжұмыс істейді. Бұлауылтұрғындарынаыңғайлы болса, БЖЗҚ мамандары үшінәрадамментікелейбайланысорнатудыңтаптырмасжолы.

“Мобильді кеңсе" еліміздің 13 өңірінде жұмыс істейді: Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

“Мобильді кеңсе” жобасы қаншалық тиімді?

“Мобильді кеңсе” жобасы іске қосылған 6 жылдан астам уақыт ішінде БЖЗҚ мамандары 5100 елдімекенге барып, 616 000 адамға қызмет көрсетіп үлгерді. Қор қызметіне, зейнетақы жүйесіне қатысты 213 000 ақпараттық таныстырылым өткізілді. Оған 5,3 миллион адам қатысты. 2024 жылда Костанай облыстағы 89 елді мекенде 42768 мың адам БЖЗҚ-ныңжылжымалы таныстырылымдарына қатысты.

“Мобильді кеңсе” жобасы – жай ғана жүйе емес, “БЖЗҚ” АҚ миссиясының бір бөлігі. Осылайша Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін ашық, сапалы әрі қолжетімді зейнетақы жүйесін қалыптастыруға тырысамыз. Қай жерде тұратыныңызға қарамастан, өзіңізге қажет қызметті кәсіби түрде алғаныңызды қалаймыз”, – дейді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары. 

Айта кету керек, зейнетақыға қатысты кеңес, көкейіңізде жүрген сұраққа жауап алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың немесе “Мобильді кеңсе” көлігін күтудің қажеті жоқ. Қор мамандарына қашықтан да хабарласуға мүмкіндік бар. Ол үшін мына әдістердің бірін қолдануға болады: 

- 1418 нөмірі — Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі;

-enpf.kzсайты арқылы электронды өтініш жазу;

- WhatsApp, Telegram, Facebook, Viber, ВКонтакте мессенджерлері арқылы;

- Онлайн чат (enpf.kz);

- YouTube, Instagram, Facebook, X (Twitter), ВКонтакте, Одноклассники арқылы.