Көлік инфрақұрылымын жоспарлы және жыл сайын арттырып қаржыландыру

Көлік инфрақұрылымын жоспарлы және жыл сайын арттырып қаржыландыру

Көлік инфрақұрылымын жоспарлы және жыл сайын арттырып қаржыландыру – Қостанай облысындағы жолдардың сапасын жақсарту ғана емес, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтудың стратегиялық қадамы болып табылады. Ауыл тұрғындары нақты өзгерістерді – топырақ жолдардың орнына асфальт төселіп, көлікке қолжетімділік артқанын көргенде, билікке деген сенім артып, әрбір елді мекенге, оның көлеміне қарамастан, қамқорлық жасалып жатқанына көз жеткізеді.

Қостанай облысы әкімдігінің отырысында Құмар Ақсақалов ауыл жолдарының жөнделуіне назар аударды.

2022 жылы көлік инфрақұрылымына 8,5 млрд теңге, 2023-2024 жылдары 20 млрд теңгеден, ал 2025 жылы 29 млрд теңге бөлінді.

Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстары 103 елді мекендегі 400-ден астам көшені қамтыды.

Перцевка ауылында және Қашар кентінде көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары екі жылдан бері жүргізіліп келеді.
• Перцевка ауылында 2025 жылы үш көшеде автомобиль жолдары жөнделуде. Жөндеу аяқталған соң, ауылдағы барлық көшелер асфальтталады.
• Қашар кентінде ұзындығы 4,4 км болатын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаларды іске асыру ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және ауылдық экономиканы дамытуға ықпал етеді.