
Күн тәртібінде — 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығару болды. Негізгі бағыттар талқыланып, қол жеткізілген нәтижелер сараланды және алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.
Қаланың жылу желілерін жөндеу жұмыстары мен абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар сапаға және белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аудара отырып жалғасын табады.
Сонымен қатар, спорт саласын дамыту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Атап айтқанда, балалардың терезеден құлауын алдын алу шаралары, сондай-ақ өрт қаупі жоғары және шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.